Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуы

Мектеп кітапханасында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған тақырыптық сөре жасалып, 6-11 сынып оқушыларымен әңгіме өткізілді.

Бердібек Соқпақбаев – қазақтың ең танымал балалар жазушыларының бірі, «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Өзім туралы әңгіме», «Балалыққа саяхат», «Аяжан» және «Гауһар, сен қайдасың?» повестерінің авторы.

Бердібек Соқпақбаевқа ең үлкен атақ әкелген шығармасы – «Менің атым Қожа» повесі. Осы повесть бойынша «Қазақфильм» киностудиясында көркем фильм түсіріліп, 1967 жылы Каннда өткен Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фильмдері фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.