«Бауырсақ party» акциясы

15 наурыз күні мектебіміз «Бауырсақ party» акциясына қатысты. Балалар, ұстаздар ұжымы, техникалық қызметкерлер, ата-аналар әртүрлі формадағы және рецепт бойынша бауырсақ әкелді. Акция қазақтың ұлттық тағамдарын жаңғырту және кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Мереке жарқын, көңілді және мазмұнды болды.