«Бірлігіміз жарасқан».

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында 29 сәуір күні 1–11 сыныптарда «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттары барысында оқушылар елімізде тұратын түрлі этностардың дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен мәдениетімен танысты. Мұғалімдер танымдық әрі интерактивті сабақтар ұйымдастырып, оқушылар әңгімелерге, тақырыптық викториналарға қатысып, әр халықтың ұлттық мерекелері, тағамдары мен тілдері туралы білімдерімен бөлісті.

Іс-шара барысында қазіргі Қазақстанның ең маңызды құндылықтарының бірі — бірлік пен татулық идеясына ерекше назар аударылды.