«Адалдық сағаты»

12 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адалдық сағаты» акциясы аясында 1-11 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылар «Таңдау», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 10 жыл» бейнероликтерін тамашалады, сондай-ақ «Молекулалар», «Саңырау телефон» тренингтері өткізілді. Оқушыларға егер біз адал, тиімді және әділ мемлекетте өмір сүргіміз келсе, өзіміз адал болуымыз керек деген ой жеткізілді.