Б.Момышұлына арналған адалдық сағаты

15 қазанда 2-11 сыныптарда «Ұлы Б.Момышұлына арналған адалдық сағаты» акциясына орай сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларға «Бауыржан Момышұлы: ар-намыс пен ерлік – батырлықтың белгісі» тақырыбында онлайн сабақ өткізілді. Балалар биыл Кеңес Одағының Батырының туғанына 110 жыл толатынын білді. Олар командирдің өмірлік ұстанымдары туралы айтты: сенім, адалдық. Сабақтың нәтижелері мектептің Instagram парақшасында жарияланды.