«Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» пікірталас турнирі
Қамысты ауданына қарасты Клочковская орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары дебаттық кездесуде қазіргі заманның өзекті тақырыптарының бірі «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбын талқылады. 11-сынып үкімет командасы «Бұл палата әлеуметтік желілер пайдасынан гөрі зияны көп деп есептейді» деген қаулыны қорғады. Оппозиция атынан 10-сынып командасы қатысты. Кездесу барысында спикерлер өз ұстанымдарын қорғауда көптеген дәлелдер мен жарқын мысалдар келтірді, сондықтан төрешіге жеңімпазды анықтау қиынға соқты, ойын нәтижесінде достық жеңді.