Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес, 10 қазанда мектепте алтын күз мезгіліне арналған «Күзгі калейдоскоп» мерекесі өтті. Күз – жарқын бояулардың, күлкі мен кездесулердің мезгілі.
Мереке бағдарламасына күз туралы танымдық викторина, көңілді байқаулар мен ойындар, шығармашылық пантомима кірді.
Мерекенің қорытынды бөлігіне ерекше көңіл бөлінді – жыл сайын 11 қазанда атап өтілетін Қыздар күні. Мини-орталықтан бастап, әрбір қызға мектеп директоры Арстамбаев Азамат Бахитович символикалық тәж кигізіп, түрлі номинациялар бойынша грамоталар табыстады.
Мереке соңында оқушылар қағаздан «жаңбыр» жаудырып, көңілді «Қағаз кешімен» аяқталды.