Психологиялық денсаулық күні

Қазақстанда Психикалық денсаулық күніне орай мектептің педагог-психологы Титова Е.В. 9–11 сынып оқушыларымен «Психологиялық денсаулық — бұл да маңызды» тақырыбында әңгіме жүргізді, сондай-ақ педагогтерге арналған «Мамандықта өзіңді сақта!» атты тренинг өткізді.

Екі іс-шара да психикалық денсаулықты қолдауға және білім беру ортасында тұрақты психоэмоционалдық жағдайды қалыптастыруға бағытталды.

Өзіңе қамқор болу — әлсіздік емес, бұл қажеттілік.