Қазақстан Республикасы күні

24 қазанда мектепте «Гүлден, менің Қазақстаным!» атты мерекелік концерт өтті. Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Жармағамбетова С. Т. баршаны алдағы Республика күнімен құттықтады. Мереке аясында мектептің шаруашылық меңгерушісі Сизинцева Л. Д.-ға грамота мен естелік сыйлық табыс етілді. Мереке Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне толы болды, әндер, өлеңдер айтылып, бірінен соң бірі түрлі-түсті және әдемі билер орындалды. Іс-шара соңында қатысқан ата-аналарға шағын кәдесыйлар таратылды.