Мұғалімдер күні

Мұғалімдер күні — ұстаздарды ұлықтап, олардың еңбегі үшін алғыс айтатын ерекше мереке. Бұл күн әрқашан жарқын эмоциялармен және жайлы атмосферасымен есте қалады.

Дәл осындай мерекені мектеп оқушылары өз тәлімгерлеріне тарту етті. Есте қаларлық нөмірлер, билер, ұшқыр әзілдер, әндер мен өлеңдерден құралған концерт жиналғандардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Дублер-оқушылар барлық мұғалімдерге алғыс айтып, оларды грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапаттады.