Білім күні

1 қыркүйекте Білім күніне арналған «Мектебім - мейірім мекені» салтанатты жиыны өтті. Таңертеңнен бастап мектеп аумағында әндер шырқалып, балалар мен ересектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бірінші сынып оқушылары үшін бұл есте қаларлық күн, барлық адамдар оларды құттықтап, сыйлықтар берді!

Ауыл округінің әкімі, Құшқынбаев Қонысбай Салықұлы, баршаны оқу жылының басталуымен құттықтады. Мектеп директоры, Арстамбаев Азамат Бахитұлы, осы оқу жылында барлығына сәттілік тіледі. Сыйлықтарын алған бірінші сынып оқушылары алғашқы сабаққа қуана қатысты.