«Халық бірлігі - ел күші» этно-фестивалі

29 сәуірде мектепте «Халық бірлігі - ел күші» этно-фестивалі өтті. Біздің мемлекет көпұлтты болғандықтан, мерекеге украиндар, орыстар, грузиндер, молдовандар, өзбектер, шешендер, әзірбайжандар және әрине, қазақтар қатысты. Барлығы өз халқы туралы айтып берді, нөмір көрсетті, ұлттық тағамдарының ерекшеліктерімен таныстырды.