"28 панфиловшы батырлардың ерлігіне арналған жыл сайынғы аудандық әскери-спорттық іс-шара"

22 қарашада мектепте 28 панфиловшы батырлардың ерлігіне арналған жыл сайынғы аудандық әскери-спорттық іс-шара өтті. АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру, турникке тартылу, азаматтық қорғаныс, ату сияқты дағдыларын көрсету үшін Адаев ош, Алтынсарин ош, Бестюбин ош, Карабатыр ош, Қамысты ош 1, Қамысты ош 2 командалары кездесті. Жарысқа қатысушыларды Қамысты ауданы білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылығы үйі» КММ директоры Қабантаева Динара Тулендиевна және мектеп директоры Арстамбаев Азамат Бахитович құттықтады. Іс-шараның негізгі идеясы: «Уақыт өте өшпейтін өмірдегі оқиғалар бар». Мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақта қазақстандық патриотизм және патриоттық сана құндылықтарын қалыптастыру

https://www.instagram.com/reel/DC3humlgQXq/?igsh=MTh5ZnE3YnRkYjdpNw==