Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Мектепте рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру аясында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бастауыш сыныптарда «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» сынып сағаттары, орта сыныптарда «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы, жоғары сыныптарда «Мемлекеттік қызметті алу» іскерлік ойыны өткізілді. Бас вожатый О.М. Уразова мектеп парламентінің мүшелерімен бірлесіп, оқушылар арасында «Ұсынба!Қабылдама!» акциясын өткізді.