«Мен бәрін білгім келеді!» атты интеллектуалдық ойын
1 қараша күні бастауыш сыныптарда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, ой әрекетін белсендіру мақсатында «Мен бәрін білгім келеді!» атты интеллектуалдық ойыны өткізілді.
Балалар үш командаға бөлінді. Олар станцияларды аралап, әртүрлі жұмбақтарды, қызықты тапсырмаларды шешті. Сыныпта бәсекелестік рухы болды, балалар күні бойына жағымды эмоциялар мен сергектік зарядын алды! Ойын соңында нәтижелер шығарылып, сертификаттар табыс етілді!