Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша үздік мектеп
17 қаңтарда директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Уразова Н. М. «Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша үздік мектеп» облыстық байқауына қатысты. Байқауға 8-11 сынып оқушылары үшін «Келешек мамандықты таңдау - жауапты іс!» атты сабақ-саяхат ұсынылды. Конкурс талаптарына сәйкес 2025 жыл ел Президенті тарапынан жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғандықтан, автомеханик мамандығы ашылды. Байқау нәтижесінде біздің мектеп екінші орынды иеленіп, диплом мен сыйлық (принтер-сканер) алды. Мектеп әкімшілігі конкурсты ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысын білдіреді.