"Экологияға арналған сынып сағаттары"
Жыл сайын ауыз су мөлшері күрт азайып келеді. Ішетін су мәселесі - ең өзекті және жаһандық мәселелердің бірі, өйткені судан планетадағы әрбір адамның өмірі мен әл-ауқаты байланысты. Осы өзекті мәселеге байланысты мектепте тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың суды маңызды табиғи ресурс ретінде пайдалану туралы білімдерін жүйелеу, оларда суды өмірдің көзі ретінде тұтыну және үнемдеу мәдениетін қалыптастыру. Сынып сағаттарында балалармен келесі іс-шаралар өткізілді: әңгімелер, сурет байқауы, су туралы викториналар!!!