«Ата заң – мемлекет тірегі»

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында 22 сәуір күні мектепте Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Ата заң – мемлекет тірегі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.

Іс-шара барысында оқушылар Конституцияның негізгі ережелерімен танысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білді, заңдылықтың, әділдік пен жауапкершіліктің әр адамның өміріндегі маңызын талқылады. Мемлекеттік рәміздерге, ел заңдарына құрметпен қарауға тәрбиелеуге, оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Оқушылар өмірлік жағдаяттарды талқылауға белсенді қатысып, топтарда жұмыс жасап, Конституция баптарын талдап, заңды сақтау мен өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу қоғамның тұрақтылығы мен дамуының маңызды шарттары екендігі туралы қорытынды жасады.