1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының сайысы

«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми – практикалық орталығы балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту мен кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік – шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2021 жылдың 10 және 12 қараша аралығында 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық сайысының облыстық кезеңін өткізді. Біздің мектептен 6 сынып оқушысы - Федина Александра қатысып, 2 орынға ие болды. Ғылыми жоба жетекшісі: Алмас Тұрсымбайұлы Маймақов.