Күзгі бал
11 қазанда тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 7-11 сыныптарда “Күз ханшайымы 2024” байқау бағдарламасы түрінде кеш өткізілді. Байқауға қатысушылар өздері туралы айтып, хобби дайындап, көкөніс кескінін жасап, күзгі букет орындап, кешкі көйлек түрінде күзгі образды ұсынуы керек болды. Барлық қатысушылар өз тапсырмаларын абыроймен орындады.