Жазғы лагерь
Жазғы кезеңде мектеп аумағында жазғы лагерь мен мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңы ұйымдастырылды. Футболдан шағын жарыстар өткізілді, экологиялық үйірме өз жұмысын жалғастырды.
Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және буллингтің алдын алу мақсатында мектепте «Буллинг – оны қалай тануға, әрекет етуге және өзіңді қорғауға болады!» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг аясында «Даулы тұжырымдар», «Қауіпсіздік шеңбері», «Комплименттер», «Оскар», «Егер мен оның орнында болсам» атты жаттығулар жүргізілді.
Мектеп жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілері Орқаш ауылындағы киелі орындарға танымдық экскурсия-саяхат жасады. Мұндай іс-шаралар оқушылардың өз халқының тарихына, мәдениетіне және рухани дәстүрлеріне деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.