«Дәмді еңбектің құпиялары»
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 1–4 сынып оқушыларына арналған «Дәмді еңбектің құпиялары» атты шеберлік сабағы өткізілді. Мектеп аспазы Рыбас С. В. өз шеберлігін көрсетіп, балаларды аспаздық өнердің қыр-сырымен таныстырды. Оқушылар аспаздың жұмысын үлкен қызығушылықпен бақылап, өздері де тоқаш қалыптастыруға қатысып көрді. Олар еңбекқорлық пен кәсібилік кез келген істегі табыстың кепілі екеніне көз жеткізді.