Азаматтық құқықтық сана және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы
Оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, заңды мінез-құлыққа жеке саналы құштарлықты қалыптастыру, оқу-тәрбие үдерісінде және сыныптан тыс қызмет жағдайында ұлттық сана-сезімді дамыту мақсатында 2021 жылдың 11 қазаны мен 11 қарашасы аралығында азаматтық-құқықтық түсіндіру айлығы өткізілді.Сынып жетекшілері құқықтар бойынша сынып сағаттарын өткізсе, мектептің әлеуметтік педагогі А.К. Тәутенова 7-11 сыныптарда «Мен және заң», 3-6 сыныптарда «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары мен жазасы» атты іскерлік ойынын өткізді.