"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" халықаралық акциясы

5 желтоқсанда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында мектеп қызметкерлерімен «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі, әйелдердің өз құқықтары туралы хабардар болуы, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы әңгіме мен «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» презентациясы көрсетілді.

6 желтоқсанда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» халықаралық акциясы аясында мектептің әлеуметтік педагогтары Давлетова А.Б. және Яцышина А.Ю. «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» тақырыбында флешмоб өткізді.

https://www.instagram.com/reel/DDO0meKtY5A/?igsh=eTdveTBlN2Z4cXcx