8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні

Көктемнің ең әсем мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 5 наурыз күні мектепте аналарға, әжелерге, ұстаздарға және барлық аруларға арналған «Жарық күнім – анашым» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік бағдарлама жарқын әрі әсерлі нөмірлерге толы болды. Күлімдеген жүздер, қошемет пен алғыс сөздер бұл күннің ең басты сәніне айналды.