Тарих апталығы

2020 жылдың 30 қарашасынан 04 желтоқсаны аралығында Клочковская орта мектебінде тарих пәні апталығы өтті. Мұғалім А.Т.Маймақов ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара өткізді, сонымен қатар тақырып бойынша түрлі жұмбақтар мен байқаулар ұйымдастырылды. Мысалы: 9-сыныпта Қазақстан тарихы бойынша ашық сабақ өткізілді, сабақтың тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынов - ұлт ұстазы». Сабақ өз деңгейінде өтті, барлық 9 сынып оқушылары сабақ мақсатына жетті. Пән апталығы аясында 8,9,10 сынып оқушылары арасында «Тарих дөңгелегі» викторинасы өткізілді, оған қатысушылар тақырып бойынша өз білімдерін  көрсете алды.