Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

2021 жылдың 8 - 12 ақпаны аралығында мектепте қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өткізілді, оның барысында оқушылар өз білімдерін көрсетті. Апталық стенді рәсімделді. 1-4 сыныптарда қазақ тілі мұғалімі Махамбетова Г.К. «Білгірлер сайысы» интеллектуалды ойынын өткізді. 5-8 сыныптарда қазақ тілі мұғалімі Жармағамбетова С.Т. «Ойлан да тап» квест ойынын өткізді. Квест 6 бекеттен тұрды. 9,11 сынып оқушылары бекеттерде көмектесті. Іс-шара соңында балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.