«Кітап – асыл қазына» облыстық сайысы

2021 жылдың 13-30 қыркүйегі аралығында «Қостанай дарыны» ӨҒПО жоспары аясында С. Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара», Джером К. Джеромның «Трое в лодке, не считая собаки» атты шығармалары бойынша ауылдық жерлерде тұратын жалпы білім беретін мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында» «Кітап – асыл қазына» атты облыстық конкурсы өтті.

Конкурсқа 584 оқушы қатысты, оның ішінде 298-і С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» шығармасы бойынша, 286-сы Джером к. Джеромның «Трое в лодке, не считая собаки» атты шығармасына қызығушылық танытты. Бұл сайысқа біздің оқушылар да қатысты. 8 сынып оқушысы Тарасова Ульяна 2 орынды иеленсе, қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.