"Мектептің жалпы ата-аналар жиналысы"
13 желтоқсанда мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті, оған зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, жергілікті полиция қызметінің капитаны Жарбулова Индира Жанибековна, ОКП жедел уәкілі, полиция капитаны Байбакиров Жанибек Бакытбекович, учаскелік инспектор Давлетов Мереке Каирбекович қатысты. Индира Жанибековна өз сөзінде буллинг/кибербуллинг, интернет-алаяқтық, жалған терроризм, құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы мәселелерін қозғады. Өз сөзін инспектор 9-сынып оқушысы Уразова Айлана мен көркем еңбек мұғалімі Уразова Оксана Михайловнаға грамота мен сыйлық табыстаумен аяқтады. Олар «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында аудандық плакаттар байқауына қатысып, қазылар алқасы Гран-приді берді. Медициналық қызметкер Киселёва Екатерина Игоревна «ЖПВ алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, вакцинацияның артықшылықтары туралы айтып, буклеттер таратты. Жиналыс соңында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Уразова Назипа Муратбековна ата-аналармен жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын талқылады.