Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы

15 қазанда ЦППР қызметі аясында ұйымдастырылған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты – адал, жауапты және белсенді азаматты тәрбиелеуде отбасы мен мектептің ынтымақтастығын нығайту.

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Уразова Н. М. «Адал Азамат» және «Dosbollike» бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы ақпарат беріп, ата-аналардың назарын балалардың бойында адамгершілік құндылықтарды, қоғамдағы мінез-құлық мәдениетін және цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға аударды.

Камысты ауданы ПБ ЖПҚ ЮПТ УИП аға инспекторы, полиция майоры Шунукова А. Н. «Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында әңгіме жүргізіп, ата-аналарға кәмелетке толмағандардың мінез-құлқы үшін жауапкершілік және педагогтармен тығыз қарым-қатынастың маңыздылығы туралы еске салды.

Мектептің педагог-психологы Титова Е. В. «Жанға арналған сергіту» атты тренинг ұйымдастырып, ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сенімді, өзара түсіністікті дамытуға және отбасындағы жағымды эмоционалдық ахуалды қалыптастыруға бағытталды.