"Кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивті мінез-құлықты, буллингті/кибербуллингті және зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша жалпы мектептік ата-аналар жиналысы"

25 қыркүйекте «Кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивті мінез-құлықты, буллингті/кибербуллингті және зорлық-зомбылықты болдырмау» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс тақырыбы бойынша педагог-психолог Мунсузбаева Г. А. сөз сөйлеп, ата-аналарға «аутодеструктивті мінез-құлық» ұғымын түсіндіріп, оны қалай анықтауға болатынын айтып, ата-аналармен интернет-тәуелділік сауалнамасын өткізді. Ата-аналармен тренингтер өткізіп, бейнероликтер көрсетті.

«Баланың қауіпсіздігі - қоғамның басымдықтары» тақырыбы бойынша әлеуметтік педагог Давлетова А. Б. сөз сөйлеп, өзінің сөзін Білім беру министрлігі ұсынған тезистерге сәйкес құрды.