"Жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік ережелері"
"25 желтоқсанда 1-11 сыныптарда қауіпсіздік сабақтары өткізілді, онда "Жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік ережелері", "Қауіпсіз қысқы каникул" мәселелері көтерілді. Оқушылар "Абайлаңыз, жұқа мұз!" буклеттерімен танысты, презентацияларды көріп, қыста көшеде, мұзда қалай дұрыс әрекет ету керектігі туралы пікір алмасты. Пиротехниканы пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелері талқыланып, қауіпсіз емес жағдайларды алдын ала көру және болжау үйретілді. Сынып жетекшілері нұсқаулықтар жүргізіп, оқушылар журналға қол қойды."