«Менін Отаным - Казакстан»,

Біздің мектебімізде Қазақстан Республикасының күніне арналған «Менің Отаным — Қазақстан» атты мерекелік концерт өтті!

Мектеп директоры Арстамбаев Азамат Бахитович оқушыларды, педагогтерді және қонақтарды құттықтап, бірлік, патриотизм және Отанға деген сүйіспеншіліктің маңыздылығын атап өтті.

Мини-орталық тәрбиеленушілері мен 1–11 сынып оқушылары әндер, билер, өлеңдер мен көріністер арқылы Қазақстанға деген мақтаныш сезімін білдіріп, көрермендерді жарқын әрі шығармашылық өнерлерімен қуантты.

Мереке жылы әрі қуанышты атмосферада өтіп, баршаға көтеріңкі көңіл күй мен бірлік сезімін сыйлады!