«Сап және ән байқауы»
6 мамыр күні Қамысты ауылындағы Полиция бөлімінің алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған «Сап және ән байқауы» мен «Автоматты бөлшектеу және жинақтау» аудандық жарыстары өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру, әскери дәстүрлерге құрмет көрсету, тәртіп пен командалық өзара әрекет дағдыларын дамыту болды.
Аудандық байқауда мектебіміздің намысын Кеңес Одағының Батыры В.Г. Клочков атындағы үйірменің тәрбиеленушілері НВжТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Куракин В.А.-ның жетекшілігімен абыроймен қорғады.
Іс-шара қорытындысы бойынша мектеп командасы саптық дайындықтың жоғары деңгейін, ұйымшылдықты және саптық әнді үздік орындауды көрсетіп, ауданның 8 командасы арасында I орынды иеленді.
Сонымен қатар, Лаукерт Светлана «Автоматты бөлшектеу және жинақтау» байқауында ең үздік уақыт көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.
Команда қатысушыларын және жетекшісін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!