«Менің құқығым бар» атты аудандық дөңгелек үстел
«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндігі аясында «Менің құқығым бар» атты аудандық дөңгелек үстел өтті, онда сөз сөйлегендер: балалар ұйымының президенті Қайырбеков Тамерлан, аға кеңесші Уразова Оксана Михайловна, әлеуметтік педагогтер Кулагина Кристина Эдуардқызы және Маймаков Алмас Тұрсымбайұлы. Дөңгелек үстелде бала құқықтарын сақтау, оның азаматтық міндеттері, сондай-ақ Бала құқықтары туралы конвенцияның құрылу тарихы туралы мәселелер қозғалды.