"ЦППР бағдарламасы аясында «Жасөспірімді қалай түсініп, қабылдау керек» тақырыбында ата-аналар жиналысы"
13 желтоқсанда Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысы аясында 6-сыныпта «Жасөспірімді қалай түсініп, қабылдау керек» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Сынып жетекшісі ата-аналарды ұлдардың жасөспірімдік кезеңінің ерекшеліктерімен, отбасының баланың жеке басының дамуына әсері, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы туралы таныстырды. Жиналыс соңында ата-аналарға «Жасөспірімдердің негізгі ерекшеліктері» жадынамалары таратылды.