ЦППР бағдарламасы аясындағы "Үйден тыс тамақтану" тақырыбындағы ата-аналар жиналысы

ЦППР жоспарын орындау аясында 10-11 сыныпта "Үйден тыс тамақтану" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты - ата-аналардың жасөспірімдердің денсаулығын нығайту факторы ретінде олардың тамақтануына жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеу. Іс-шара барысында ата-аналар дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастырудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. «Балаларды неге үйден тыс тамақтану тартады?» деген мәселені талқылап, осы мәселені шешудің жолдарын тапты. Ата-аналардың жасаған қорытындысы: дені сау ұрпақ өсіру үшін өзіміз үлгі көрсетуіміз керек. Дұрыс тамақтанудың негіздерін үйрету, қолдау көрсету және мотивация жасөспірімдерге дұрыс таңдау жасауға және денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауға көмектеседі.