Волонтерлік мектебі
04.04.25 күні Клочков мектебінде 10-сынып оқушыларына арналған Волонтерлік мектебінің отырысы өтті.
Мақсаты – жастарды өмір сапасын жақсартуға бағытталған алуан түрлі қоғамдық қызметке тарту механизмдерін қалыптастыру.
Мектеп жетекшісі Уразова О. М. волонтерлік қозғалыстың маңыздылығы, сондай-ақ мейірімділік, жанашырлық, қабылдау және түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді дамыту туралы еске салды.
Психолог Мунсузбаева Г. А. жастар ортасын сауықтыруға, салауатты өмір салтын, спортты насихаттауға, сондай-ақ жағымсыз көріністер мен зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған еріктілік қызмет туралы айтып берді.