Оң педагогикалық тәжірибенің трансляциясы

2025 жылдың 7 маусымында мектеп директоры Арстамбаев Азамат Бахитович пен математика пәнінің мұғалімі Арстамбаева Вероника Фархадовна авторлық әдістемелік әзірлемелер бойынша өздерінің оң педагогикалық тәжірибесін облыстық деңгейде таныстырып, трансляция жүргізді.

Арстамбаев А.Б. әріптестерін «Шағын жинақты мектептегі білім алушылардың бейіндік бағдарлануы: болашақ мамандықты таңдауға көмек, кәсіби бағдарлау іс-шараларын ұйымдастыру» атты оқу-әдістемелік құралымен таныстырды.

Математика пәнінің мұғалімі Арстамбаева В.Ф. 10-11 сынып оқушыларына арналған «Мектеп оқушыларына арналған жоғарғы математика негіздері» атты оқу-әдістемелік кешенінің вариативті курсы туралы айтып берді, сондай-ақ 5-11 сынып оқушыларына арналған, математика сабағында практикалық-бағдарлы тапсырмаларды қолдану: әдістері мен болашағы атты оқу-әдістемелік кешенін математика пәнінің мұғалімі Барменова М.Т.-мен бірлесіп жасап, көпшілік назарына ұсынды.