"Ауылдың гүлденуі -Қазақстанның гүлденуі" тақырыбындағы сабақтар

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында мектепте «Ауылдың гүлденуі -Қазақстанның гүлденуі» тақырыбында сабақтар өткізілді:

-1-11 сыныптарда «Қамысты-әкелер елі» сынып сағаттары өтті, Қамысты ауданының құрылу тарихы туралы айтылды, оқушылар облыстың алғашқы тың жерлері туралы хабарламалар дайындады;

- мектеп  кітапханашысы Марина Валентина Сералинова «Тың жерлер эпосы» көрмесін безендірді және оқушыларды кітапханаға шақырды;

- қазақ тілі мұғалімі Сәуле Тоқбергенқызы Жармағамбетова мұражай белсенділерімен бірге «Менің ауылым Қамысты ауданының құрылу тарихында» тақырыбында экскурсия жүргізді.