"Ынтымақтастық үшін
22 қазанда мектеп директоры Арстамбаев Азамат Бахитович пен БКҰ төрайымы Уразова Назипа Муратбековна ҚР Білім қызметкерлері кәсіподағының құрылғанына 100 жыл және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған диалог алаңына қатысты.
«Қорғау» ҚБ төрайымы Кушетерова Валентина Рахымжановна Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы атынан мектеп директоры Азамат Бахитовичке грамота табыстады, ал БКҰ төрайымы Назипа Муратбековна «Қостанай облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы "Қорғау"» ҚБ-ның грамотасымен марапатталды.
«Қорғау» ҚБ филиалының төрайымы Қуанышбаева Айнұр Серіковна біздің мектепке белсенді ынтымақтастық пен білім қызметкерлері кәсіподағымен серіктестік қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ынтымақтастық үшін» атты алғыс хат пен мүсінше табыстады.