«Адами құндылықтар - бақытты өмірдің негізі» өзін-өзі танудан бірыңғай сағат
23 қарашада мектепте Адами құндылықтар күніне орай жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша өзін-өзі танудың бірыңғай сағаты өтті. Мақсаты: «бақытты өмір» ұғымының мәні мен мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету. Мектеп психологі К.Е. Кулагина 1-11 сынып оқушыларына презентация, рухани және адамгершілікке баулу туралы бейнероликтер көрсетілді. Сынып жетекшілері адамгершілік-рухани мазмұндағы адамдардың ізгі істері туралы әңгімелерді айтты және әңгімелесулер өткізді. Балалар белсенді қатысты: олар ән шырқады, «Біздің өмір құндылығымыз» тақырыбына сурет салды, адамдарға тілектер мен үндеулер ұсынды.