Мектепте Балалар жылын ашу

 Сәуірдің 14-і күні Балалар жылын мерекелеу аясында мектепте жиын түрінде ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры м.а. Азамат Бахитұлы Арстамбаев мектеп оқушыларын құттықтап, Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев саясаты неге бағытталғанын атап өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назипа Мұратбекқызы Оразова «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Білім берудің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шараларға тоқталды. Ал 21 сәуірде өтетін бірінші шара – әрбір оқушы өз ойын жеткізе алатын «Таланттар жұлдызы» байқауы.

15 сәуір күні 7-11 сынып оқушылары арасында Клочков  ауылдық округінің әкімі Берік Жақсыбайұлы Қартабаевпен кездесу өтті. Берік Жақсыбайұлы оқушыларды Бала жылымен құттықтап, одан кейін «Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші» атты баяндама жасады. Мемлекеттік қызметшіге қалай түсуге болатынын, қандай талаптар алға қойылғанын айтты. Сондай-ақ, ауылдық округімізде әкімдікте маманның бос орны бар екені айтылды.

Мектепте  Бала жылына орай технология пәнінің мұғалімі Оксана Виталиевна Дюсова «Балалардың күлкісі – аспан жүрегі» атты фотокөрмені рәсімдеді.  Балалар өздерінің бақытты сәттерінде түсірілген фотосуреттерін әкелді.